Каспий құбыр консорциумы (КҚК) осы аптада қауіпсіздікке қатысты мәселелер мен танкерлердің жетіспеуіне байланысты мұнайды бірнеше рет тиеуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Агенттіктің мәліметінше, Қазақстанның мұнай кен орындарын Ресейдің Қара теңіз жағалауымен байланыстыратын құбыр арқылы мұнай жөнелту шілде айының ортасынан бері тұрақсыз жүргізіліп келеді.
Reuters дерегіне сәйкес, КҚК бағыты арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 1,8 пайызы тасымалданады. Сондықтан бұл бағыттағы іркілістер халықаралық мұнай нарығына да әсер етуі мүмкін.
Қазіргі уақытта КҚК тарапынан жөнелту жұмыстарының толық қалпына келу мерзімі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.