«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2025 жылғы 26 желтоқсанға арналған республикалық маңызы бар автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Компания дерегінше, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жаууы күтіледі.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеруге, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстануға шақырады. Сондай-ақ жолда барынша сақ болып, қолайсыз ауа райы жағдайында жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындау қажеттігі ескертілді.
