Ресейліктер салатын үш ЖЭО-ға ақша зейнетақы қорынан бөлінбейді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Склярдың сөзінше, ЖЭО құрылысына қаржы шетелдік инвесторлардың есебінен бөлінеді.
"Ол жерде (ЖЭО-да) зейнетақы қорының қаржысы қолданылмайды. Шетелдік инвесторлардың қаражаты пайдаланылады және олар табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады. Келісімдерге "Интер-РАУ" компаниясы мен осы станцияларды бірлесіп салатын "Самұрық-Энерго" компаниясы қол қойды. Бірақ инвестиция "Бәйтерек" холдингінің қаржысынан түспейді. Мен мұны басып айта аламын", - дейді Скляр.