Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2024 17:30 3101

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есін жоғалтқан.

Оқиға орнына мекеменің медицина қызметкерлері жетіп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері Навальныйдың қайтыс болғанын растады. Өлімнің себептері анықталып жатыр. 

Айта кетейік,  Алексей Навальный - ресейлік саясаткер, заңгер, елдегі жемқорлық пен парақорлықты әшкерелейтін тергеулер арқылы аты шыққан оппозиция көшбасшыларының бірі. Навальный өзін Владимир Путин басқарған Ресей билігінің басты қарсыласы деп атаған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар