2022 жылғы наурызда өсім 3,3%-ды, сәуірде – 4%-ды, мамырда – 4%-ды құрады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Салыстырсақ 2021 жылы шетелдік компаниялар санының орташа айлық өсу қарқыны небәрі 1,1%-ды құраған болатын.
Өз кезегінде тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және шетелдік қатысуымен шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны мамыр айының соңына қарай 40,2 мыңға жетті.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында бұл көрсеткіш 2,4 мың компанияға артты. Бұл өсім негізгінен Ресейден келген ұйымдардың есебінен өсіп отыр. 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша олардың саны 13 мыңға жетті.
Сонымен қатар, компаниялар санының өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде Өзбекстан (205 ұйым) және Беларусь (120 ұйым) елдері де бар.
Ресей мен Беларуссиядан келген компаниялардың негізгі ағымы енгізілген санкциялармен байланысты. Геосаяси дағдарысқа байланысты одан әрі ахуалға қатысты ағымдағы динамика мен белгісіздікті ескеріп, ресейлік компаниялардың ағыны одан әрі жалғасуы ықтимал.