Ресейде қазақстандық рэперге іс қозғалды

Көркем Алдабергенова 18 ақп. 2026 09:18

Ресейде Қазақстаннан шыққан рэпер Ганвестке қатысты бірқатар әндерінде есірткіні насихаттады деген дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Қауіпсіз интернет лигасының директоры әрі Ресей Қоғамдық палатасының мүшесі Екатерина Мизулина мәлімдеді.

«Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург қаласы бойынша бас басқармасы Ганвест орындаушысына қатысты бірқатар композицияларында есірткі заттарын қолдануды насихаттауға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қозғады», – делінген хабарламада.

Берілген мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта әкімшілік тергеу жүргізіліп жатыр, ал іс материалдары сараптамаға жолданған.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove