Ресей Қазақстанда химиялық кешен салуы мүмкін

Қаракөз Амантай 27 там. 2025 14:19

Татарстанның “Химград” технополисі Атырау облысында химия кешенін салуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТАСС агенттігінің мәлімдеуінше, компания бұл мақсатта Атырау облысы әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында өндірістік парктер салу мүмкіндіктерін зерттеу көзделген.

“Химград” бас директоры Айрат Гиззатуллин нақты ынтымақтастық форматы әзірге анықталмағанын айтты, бірақ Өзбекстандағы технопарктердің жұмыс тәжірибесін мысалға келтірді.

“Біз бұл нарықтың әлеуетін көріп отырмыз. Екіншіден, қазақстандық серіктестеріміздің үлкен қызығушылығы бар, сонымен қатар өңірдің географиялық орналасуы өте ыңғайлы”, – деді Гиззатуллин.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кәсіпорын аумағында 370-тен астам компания орналасқан, олардың басым бөлігі химия өнеркәсібіне тиесілі. Осындай өндірістік парктерді шетелде орналастырудың негізгі мақсаттарының бірі – ресейлік өндірістерді жергілікті нарықтарға бейімдеу.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар