"Ресей жағына шығар едім". Ақмола облысының тұрғыны Қазақстанға қарсы соғысқысы келетінін айтты

Dalanews 22 қаң. 2024 06:46 1040

Ақмола облысының тұрғыны Қазақстанға қарсы соғысқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, елдер арасында әскери шиеленіс болған жағдайда Ресейдің жағына шығады. Әлеуметтік желіде осындай сипаттағы видео тарады.

Кадрларда ер адам Ресей Қазақстанның жерін алып алатынын айтады. Видеодағы адам Ақмола облысындағы Кенесары қаласының тұрғыны екен.

"Ресей Қазақстанның жерін алады. Бұл менің ойым емес, нақты білемін. Мен тек қуанар едім. Ресей Федерациясында өмір сүргім келеді. Қазақстанның саясаты осындай. Мен Ресей жағына шығар едім", - дейді ол.


Ол Қазақстанда туғанын және ұлты орыс екенін айтқан.

Бұған дейін СҚО-да сепаратизм ісі бойынша үкім шыққан еді. Белсенділердің бірі 9 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған үшеуі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Сурет: gov.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар