Ресей еңбек мигранттарына талапты күшейтпек

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2024 20:59 2335

Ресейде 7 қарашадан бастап еңбек мигранттарына талап күшейеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа заңға сәйкес, дактилоскопиялық және геномдық тіркеуден өткізу көзделген.

Сонымен қатар, Ресейге кірген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркейтін бірыңғай жүйе енгізіледі.

Онда заң бұзған шетелдіктердің деректері сақталады. Жыл сайын көршілес елде 10 миллионға жуық шетелдік жұмыс істесе, сарапшылардың айтуынша, енді олардың саны 3 есе қысқаруы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар