Ресей 1 ақпанға дейін Украинаға соққы жасамауға келісті

Көркем Алдабергенова 30 қаң. 2026 15:26

Ресей АҚШ президенті Дональд Трамптың өтініші бойынша 1 ақпанға дейін Украина аумағына соққы беруден бас тартуға келіскен. Бұл туралы Кремль өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Президент Трамп президент Путинге жеке өтініш жасап, келіссөздер өткізуге қолайлы жағдай қалыптастыру кезеңінде, яғни бір апта бойы 1 ақпанға дейін Киевке соққы жасамауды сұрады", - деді ол.

Песков сондай-ақ Владимир Путиннің Киев билігінің басшысын ешқайда шақырмағанын және кездесу ұсынбағанын атап өтті.

"Кездесуді Зеленскийдің өзі сұрады, бастаманы да сол көтерді. Ал оған жауап ретінде президент Путин: иә, біз дайынбыз, бірақ тек Мәскеуде ғана, - деп жауап берді", - деп нақтылады Кремль өкілі.

Киевтің Донбасс пен Запорожье атом электр станциясы бойынша ымыраға келуге дайын емес екені туралы мәлімдемесіне пікір білдірген Песков майдандағы жағдайдың өзі бәрін анық көрсетіп отырғанын айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove