Қылмыскер Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған.
Күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған дерек енгізу арқылы 290 миллион теңгеден аса сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.