Онда “Конституциялық реформа қарапайым азаматтарға не береді?”, “қарапайым тұрғындар бұл реформадан не ұтады?” деген сұрақтарға жауап берген. Бейнеүндеудегі қабылданған шешімдерді төменде назарыңызға ұсынамыз:
Бірінші, Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Конституциялық сот кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады. Конституциялық сотқа мыналар жүгіне алады:
- Президент;
- Сенат пен Мәжілістіс төрағалары;
- Парламент депутаттарының бестен бірі;
- Премьер-Министр;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
- Бас прокурор;
- ҚР-ның әрбір азаматы.
Коституциялық соттың құрамын Парламент және Президент жасақтайды. Бұл ретте оның судьяларына саяси партиялардың мүшесі болуға тыйым салынады. Осылайша, Конституциялық сот – тәуелсіз, объективті, дербес әрі бейтарап шешілетін орган болады.
Екінші, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі артады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтардың құқықтары нақты қорғалатынына кепілдік береді.
https://youtu.be/aFWfyWlWSRs?list=TLGG_tVAEgzYvJQyODA1MjAyMg
Үшінші, бір мандатты сайлау округтары енгізіледі. Яғни, саяси партиялар мен қатар, Мәжіліске және облыстық мәслихатқа партияға мүше емес депутатттар сайлана алады. Ал қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын түгелдей бір мандатты округтары арқылы сайлау жоспарланып отыр.
Бұл өзгерістер сайлаушыларға не береді?
Біріншіден, қазір азаматтар мәслихаттағы өз депутаттарын танымайды. Олар партиялық тізім бойынша сайланады. Енді азаматтар сайлауда өзі қалаған партияны ғана емес, нақты кандидатқа дауыс бере алады. Тіпті, өз кандидатын да ұсына алады. Сол арқылы депутаттар өз сайлаушыларының алдында тікелей жауапты болады.
Екіншіден,
депутаттар, өз сайлаушыларын толғандыратын мәселелерді шешу үшін барын салатын болады.
Мәселен, жол жөндеу, таза сумен қамтамасыз ету, жаңа мектеп немесе аурухан асалц, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету сияқты түйіткелдер жиі көтеріледі. Оның бәрі барынша шұғыл және сапалы шешіледі.
Үшіншіден, сайлаушыларға бір мандатты округ бойынша сайланған депутаттарды кері қайтару құқығы беріледі. Егер депутат сайлаушылардың сенімін ақтамаса, жұмысын тиімді атқармаса, оның өкілеттілік мерзімі аяқталғанын күтпестен, лауазымынан босатуға болады.
Төртінші, облыс әкімдерін тағайындаудың жаңа тәсілі – әкімдерді өңірдегі барлық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша баламалы негізде ұсынылып отыр.
Президент облыс, республикалық қала және Елорда әкімі лауазымына кем дегенде 2 үміткер ұсынуға міндетті.
Облыстық, аудандық және қалалық депутаттардың бәрі осы үміткерлерден таңдайды. Әкімдікке лайықты кандидат депутаттарын жалпы дауыс беру нәтижесімен тағайындайды. Яғни, көпшілік сенім білдірген азамат әкім болады.
Бесіншіден, әкімдердің дербестігін арттыру. Қазір ауыл әкімдерін тұрғындар тікелей сайлайды. Бұл тұрақты үрдіске айналды. Енді аудан және қала әкімдерін сайлауға дайындық жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Адырна порталы