РЕФЕРЕНДУМ: КЕНТАУЛЫҚ ЖАС САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Жарбол Кентұлы 06 қаз. 2024 13:25 278

Кентау қаласы Хантағы ауылындағы №60 дауыс беру учаскесінде Отан алдындағы борышын өтеп келген, көпбалалы отбасыдан шыққан Кенжебек Байтуған өз таңдауын жасады.

Алматы қаласында №61993 әскери бөлімінің десанттық шабуылдау әскерінде борышын өтеп келген жігіт саяси науқанда өз таңдауының ел ертеңі үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтіп жатыр. Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 дауыс беру учаскелерінде 56 405 дауыс беруші тіркелген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар