Референдум: 8 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді

Көркем Алдабергенова 15 нау. 2026 16:33

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы сіздердің назарларыңызға республикалық референдумға азаматтардың келуі туралы кезекті ақпаратты ұсынды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

Абай облысы 69,29 %

Ақмола облысы 71,33%

Ақтөбе облысы 77,65 %

Алматы облысы 68, 23 %

Атырау облысы 64,33 %

Батыс Қазақстан облысы 60,61 %

Жамбыл облысы 70,31 %

Жетісу облысы 68,50 %

Қарағанды облысы 72,63 %

Қостанай облысы 70,96 %

Қызылорда облысы 82,02  %

Маңғыстау облысы 68,19 %

Павлодар облысы 68,41 %

Солтүстік Қазақстан облысы 60,70 %

Түркістан облысы 72,39 %

Ұлытау облысы 66,50 %

Шығыс Қазақстан облысы 78,98 %

Астана қаласы 47,76 %

Алматы қаласы 28,16 %

Шымкент қаласы 72,61 %

Жалпы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 пайызын құрады.

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылған.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат  сағат 18.00-де беріледі.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove