Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге видео үндеу жолдады

Dalanews 10 қаң. 2024 17:00 857

Рахат Тұрлыханов пен оның жұбайы Алтынай сот ісіне байланысты пікір білдірді. 

«Рахат екеуміздің қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ, бәрі жақсы. Рахат – мейірімді әрі қамқор серік, әке. Барлық отбасындағыдай бізде де кикілжіңдер болғаны рас. Бірақ БАҚ-та оған нақақтан-нақақ жала жабылып жатқанын көрдім. Олар мән-жайды жете түсінбестен жазып жатыр. Уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі жақсы», – дейді әншінің жұбайы видеода.

Әншінің жұбайы араларында кикілжің болғанын жоққа шығармады, бірақ күйеуіне жабылған жаламен келіспейтінін және алаңдайтын ештеңе жоқ деп сендірді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген ақпарат тараған болатын. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарап, әкімшілік ескерту жазасын тағайындаған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар