Рамазан айы: Алматы қаласына арналған 2025 жылдың ораза кестесі жарияланды

Қаракөз Амантай 07 ақп. 2025 12:20 5519

2025 жылы Раманзан айы 1 наурызда басталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыған орай, Stan.kz 2025 жылдың Рамазан айына арналған Алматы қаласының намаз, ауыз бекіту және ауыз ашу уақыттарын қамтитын ораза кестесін ұсынады. 

Еске салайық, биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады. Қадір түні 26-27 наурыз аралығында болады. Ал 30 наурызда Ораза айт басталады.

"Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға не бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін ұмытпау керек",  - деп хабарлады ҚМДБ.

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтыру керегін ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар