Қызылордада той кортежі полиция бөлімінен бір-ақ шықты: 33 хаттама толтырылды

Қызылордада той кортежі полиция бөлімінен бір-ақ шықты: 33 хаттама толтырылды
видео кадры

Қызылордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған үйлену тойының кортежі полицияның назарына ілікті. Кортежге қатысқан жүргізушілер қарсы бағыттағы жолаққа шығып, өзге де құқық бұзушылықтарға жол берген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тәртіп бұзушылар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған. Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кортеж құрамындағы барлық көлік жүргізушілері полиция бөліміне жеткізілген.

Нәтижесінде 12 құқық бұзушыға қатысты 33 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар 10 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған.

Полицияның хабарлауынша, жүргізушілер қарсы жолаққа шығумен қатар, қауіпті маневр жасау, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жағдай қалыптастыру, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау секілді құқық бұзушылықтарға барған.