Freedom Inside '26

Қызылорда облысында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Қызылорда облысында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды
Қызылорда облысы ПД

Қызылорда облысында қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. Күдікті Шиелі ауданының тұрғыны екені белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

3 маусымда полицияға Шиелі ауданындағы канал шлюзінен қыздың сүйегі табылғаны туралы хабар түскен. Осы дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәліметке сәйкес қыз 2 маусымда кешкі уақытта үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл оқиға Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.