Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторының өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында жүрген.
Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.