Қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген қостанайлыққа сот үкімі шықты

Қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген қостанайлыққа сот үкімі шықты
Фото: Azattyq Ruhy

Қостанайда қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы оқиға биыл наурыз айында болған. Тергеу дерегінше, ер адам қызғаныш салдарынан аңшылық мылтықпен ажырасып кеткен әйелінің басы мен кеуде тұсын көздеп, екі рет оқ атқан.

Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасағаннан кейін ер адам сол жерден кетіп қалған. Кейін ол полицияға өз еркімен барып, кінәсін мойындаған.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.