Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті Әділет министрлігіне қарасты «Сот сараптамасы орталығы» РМКК үшін жабдық сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған. Тергеу дерегіне сәйкес, жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы жабдықтың құны үш есеге дейін қолдан көтерілген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл іс бойынша бұған дейін кәсіпорын директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және екі коммерциялық ұйымның жетекшісі сотталған. Оларға мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Күдікті 2025 жылдың наурыз айынан бері халықаралық іздеуде болған. Ол Вьетнамда ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.