Құрылтайға кандидат Әділ Балтабаев съезд кезінде Үнді мұхитынан сторис жариялады

Құрылтайға кандидат Әділ Балтабаев съезд кезінде Үнді мұхитынан сторис жариялады
әлеуметтік желі

«Әділет» партиясының III кезектен тыс съезі өтіп жатқан сәтте партия атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттардың бірі Әділ Балтабаев әлеуметтік желідегі парақшасында Үнді мұхитындағы демалысынан стористер жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Instagram-дағы жарияланымдардан Балтабаевтың теңіз жағалауында демалып жүргені байқалады. Стористер партия съезі Астанада өтіп жатқан уақытта жарияланған.

Айта кетейік, дәл осы съезде «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті. Әділ Балтабаев та бекітілген кандидаттар қатарында бар.