Құрылтай сайлауы: шетелдегі қазақстандықтар қалай дауыс береді?

Құрылтай сайлауы: шетелдегі қазақстандықтар қалай дауыс береді?
Фото: gov.kz

Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелде жұмыс істейтін сайлау учаскелері туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрлік мәліметінше, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан мекенжайлары мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында, сондай-ақ еліміздің шетелдегі елшіліктері мен консулдықтарының интернет-ресурстарында жарияланған.

Биыл Қазақстан азаматтары елден тыс орналасқан 100-ден астам сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Бұл учаскелер дәстүрлі түрде Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мен бас консулдықтары жанынан ұйымдастырылады.

Шетелде жүрген азаматтар дауыс беру үшін алдын ала өздері орналасқан елдегі немесе ең жақын Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгініп, сайлаушылар тізіміне енгізілуі қажет. Сайлау күні өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы міндетті.

Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Ал саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат кезеңі 23 шілдеде басталады.

Айта кетейік, бұл сайлау 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген конституциялық реформалардың нәтижесінде құрылған жаңа бір палаталы парламент – Құрылтайдың алғашқы құрамын айқындайды. Сайлауға Орталық сайлау комиссиясы тіркеген саяси партиялар қатысады.