Құрылыс қарқынды жүруде

Dalanews 13 қар. 2018 05:17 706

Биыл Келес аудан бюджетінде 2018 жылдың 10 айында өзіндік кіріс көлемінің жоспары 371,9 млн теңге көлемінде бекітілді. Трансферттер 3202,2 млн теңгені құраған. Нақтыланған бюджет бойынша шығыс жағының көлемі 3574,1 млн теңге.

Ауданда құрылыс саласы бойынша үстіміздегі жылы барлығы 68 нысан құрылыстарының 421,6 млн теңге қаржыға жобалық сметалық құжаты (ЖСҚ) әзірленіп, оның ішінде жыл басынан бері 29 нысанның құжаттары толық әзірленіп сараптамадан өткенін айта кетуіміз кеерк. 2018 жыл соңына дейін 5 нысанның құжаттары әзірленіп, қалған 34 нысаны 2019 жылдың еншісіне қалып отыр.

2018 жылы жалпы құны 15579,0 млн теңгені құрайтын 24 нысанның құрылысы жүргізілді. Соның ішінде 17 нысанның құрылыс жұмыстары 2019 жылы жалғасып, аяқталатын болады. Олар білім саласы бойынша 5 нысан, табиғи газбен қамту 2 нысан, сапалы электр қуатымен қамту 9 нысан, ауыз сумен қамту 8 нысан екенін айта кетуіміз керек.

Табиғи газбен қамту бойынша ауданның 83 елді мекендері ішінде табиғи газбен 38 елді мекені (11561 абонент) қамтылған немесе 56,7 пайыз. Жыл соңына дейін газадандырлған ауылдардың саны 46 елді мекенге (16133 абонент) жетеді деп күтілуде. Ал 2019 жылы 52 елді мекенді (17522 абонент) табиғи газбен қамтып, көрсеткішті 86,3 пайызға жеткізу көзделінген.

Ауыз сумен қамту бойынша барлық 83 елді мекеннің құбыр сумен қамтылғаны 40 елді мекен (11492 абонент) немесе 63,5 пайызды құрайды. 2019 жылы 48 елді мекенді (18144 абонент) ауыз сумен қамту немесе 72,4 пайызға жету көзделуде.

Сапалы электр қуатымен қамту бойынша ауданда бүгінгі күнге 40 елді мекенді құрап, қамту үлесі 48,2 пайыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін 46 елді мекенге немесе 55,4 пайызға жетеді. Олар – Жамбыл ауылдық округінің Көпқұдық, Байғабыл, Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр және Майдабозай елді мекендері.



Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар