Құқық бұзушылық туралы хабарлағандарға ынталандыру жүйесі жасалуда

Құқық бұзушылық туралы хабарлағандарға ынталандыру жүйесі жасалуда
сурет Midjourn-e нейрожелісінің көмегімен жасалған

Қазақстанда құқықтық мәдениетті нығайтуға белсенді қатысатын азаматтарды, соның ішінде заң мен этика нормаларының бұзылуы туралы хабарлайтындарды ынталандыру жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желі Х- та жазды деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұдан бөлек, Бас прокурордың айтуынша, қазіргі уақытта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін болжамдық- талдамалық орталыққа түрлендіру жұмыстары жүргізілуде.

«Деректер массивтерін, жасанды интеллектті және талдау құралдарын бірыңғай жүйеге біріктіру құқықтық тәртіпті жүйелі түрде басқаруға жаңа мүмкіндіктер ашады»,- деп жазды Асылов.

Сондай- ақ осы негізде орталық және өңірлік деңгейлердегі барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жобалық кеңсе құрылуда.

«Басты мақсат- қоғамның барлық деңгейінде құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік қалыптастыру және азаматтық қоғам мен құқық қорғау және құқық қорғау құрылымдары арасында тығыз өзара іс- қимылды қамтамасыз ету»,- деп атап өтті Бас прокурор.