Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласынан ондаған мың адам босып шықты. Қалада үкімет күштері мен "Талибан" қозғалысы соғысып жатыр.
БҰҰ мәліметі бойынша, содырлар қалаға шабуылдаған күн - 3 қазаннан бері Құндыз қаласынан кем дегенде 33 мың адам қашып шықты.
Кескілескен ұрыс жұрып жатқан стратегиялық маңызды қалада ауы су, азық-түлік, дәрі-дәрмек тапшы, электр қуаты жоқ. Ауғанстанның босқындар жөніндегі министрлігі Құндыздан 100 мың адам босып кетті деп отыр.