Құлсарыда 12 мың адам эвакуацияланды: Тоқаев Атырау облысының әкімімен телефон арқылы сөйлесті

Жарас Кемелжан 06 сәу. 2024 14:08 3202

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорданың мәлім еткеніндей, мемлекет басшысы өңірдегі су тасқыны жағдайын бақылап отыр.

Су басу қаупін азайту бойынша барлық шаралар қабылданып, бақылау күшейтілетді. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, материалдық шығын өтеледі.

Әкім Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімесінде облыстың бірде-бір отбасы, бірде-бір тұрғыны мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетелік, бұған дейін Атырау өңірінің әкімі Серік Шәпкенов аймақтағы жағдайдың өте күрделі екенін мәлімдеген. Құлсарының бірнеше ауданын су басты. Қазірдің өзінде 2500-ден астам үйді су басқан. 5000-ға жуық құлсарылық Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды. Жалпы 12 мыңнан астам тұрғын Атырау, Тенгиз және Бейнеуге эвакуацияланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар