Қысқы дөңгелексіз жүргендерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін

Қысқы дөңгелексіз жүргендерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін
жи: dalanews

Астанада күннің суытуына байланысты полиция жүргізушілерге көліктің жазғы дөңгелектерін қысқы үлгіге ауыстыру қажеттігін ескертті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, Қазақстанда 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін қысқы шиналарсыз көлік басқаруға тыйым салынған. Ережені бұзған жүргізушілерге 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Осыған байланысты полиция өкілдері көлік иелеріне қысқы дөңгелектерді орнатуды соңғы күнге қалдырмауға кеңес берді. Сондай-ақ жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігін еске салды.