Астанада бала көлікті оталдырып, дәмханаға соғылған, деп хабарлайды dalanews.kz Informburo.kz-ке сілтеп.
6 қарашада бала абайсызда көлікті оталдырып жіберген. Салдарынан көлік дәмхана ғимаратына соғылып, терезесін сындырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Полицияның мәліметінше, Daimler Chrysler көлігінің иесі дүкенге кіріп, көлікті қараусыз қалдырған. Осы кезде оның кәмелетке толмаған ұлы рөлге отырып, кілтті бұраған. Көлік қозғалып кетіп, дәмханаға соғылған.
Баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін де шара қолданылды. Дәмханаға келтірілген шығын өтелуге тиіс.