Құлыбаевтарға тиесілі болған мұнай терминалы мемлекетке қайтты

Көркем Алдабергенова 04 мау. 2024 09:56 2214

Құлыбаевтарға тиесілі болған мұнай терминалы мемлекетке қайтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Бас прокуратураға сілтеп.

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 млн АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.

2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынғаны анықталған.

2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар