Құлыбаев кетті: Тасмағамбетовтің күйеубаласы басшылық қызметке келді

Көркем Алдабергенова 17 қыр. 2024 12:13 4347

Кәсіпкер Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов "Шұбаркөл премиум" компаниясының 10 пайыз үлесін сатып алды. Бұл компанияны бірнеше иесі бөліп басқарып отырған, оның ішінде Тимур Құлыбаев та бар, - деп хабарлайды Dalanews.kz Forbes-қа сілтеп. 

Акционерлер құрамындағы өзгеріс 13 қыркүйекте болған. Компания иелері тізімінен үш адам шығарылған. Біріншісі Joint Resources АҚ - Тимур Құлыбаевтың компаниясы, ол 67 пайыз акцияның иесі болған. Екіншісі Joint Resources ЖШС - Құлыбаевтардың серіктесі Раушан Сагдиеваның компаниясы және Trans Coal Investment Group ЖШС. 

Компания басшылығы не үшін ауысқаны және орнына Рақышев пен Ибрагимов не үшін келгені әзірге белгісіз. 

"Шұбаркөл Премиум" - көмір өндіруші компания, Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кен орнында орналасқан.

Айта кетейік, форбс деректері бойынша, Кеңес Рақышев 75 ең бай қазақстандықтың ішінде 19-орында. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар