Қазақстан азаматтары алдағы уақытта Оңтүстік Кореяда ресми түрде еңбек ету мүмкіндігіне ие болады. Ел еңбек көші-қонына арналған Employment Permit System (EPS) бағдарламасына қосылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа тетік аясында қазақстандық мамандарды Оңтүстік Кореяның кәсіпорындарына заңды түрде жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Алғашқы еңбек мигранттары бұл елге 2028 жылдан бастап аттана алады.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бірнеше кезеңнен өтуі тиіс. Атап айтқанда, олар корей тілінен тест тапсырып, кәсіби дағдыларын тексеруден өткізіп, медициналық тексеруден өтуі қажет болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бағдарламаға қатысу тәртібі, құжаттарды қабылдау мерзімі мен өзге де талаптарға қатысты толық ақпарат кейінірек жарияланады.