Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға қамауға алынған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
CMN.KZ мәліметінше, Бишімбаев әзірге жұмысқа орналаспаған. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтқан.
Колонияда ұлттық экономиканың экс-министрі үшін қолайлы бос орын әлі бос емес.
"Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты Қуандық Бишімбаев жұмысқа тұрмаған. Сотталған адамның күн тәртібі ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істей алатынын айтқан болатын.
Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков айтты.
"Оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол "Еңбек" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.
Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа тұтқындармен жұмыс істегендей Бишімбаев пен де жұмыс істейді", - дейді Жәнібеков.
26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.