ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ортақ келісім нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлерін оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Меморандумның алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететініне сенім білдірді. Бұл іс-шара аясында Медициналық орталықтың мамандары өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісе отырып, аймақ медицинасының дамуына зор үлес қосты.
Өз кезегінде, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы мұндай іс-шаралар жергілікті ауруханалар мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға көмектеседі, ал өңір азаматтары үшін қолжетімді, әрі сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Медициналық орталық қызметінің аясында білім беру, ғылыми зерттеулер, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді іздеу және енгізу саласында түрлі жобалар іске асырылуда.
Бүгінгі қол қойылған Меморандум шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп, жол картасы әзірленетін болады. Оның негізінде біз бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамыту бойынша белгіленген жоспарларды іске асыратын боламыз» - деп, Алексей Цой жоспарымен бөлісті.