Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

ҚҚС бойынша айырмашылық анықталған кәсіпкерлерге ескерту жіберіледі

ҚҚС бойынша айырмашылық анықталған кәсіпкерлерге ескерту жіберіледі
Фото: ЖИ

Мемлекеттік кірістер комитеті қараша айының соңына дейін қосылған құн салығын төмен көрсеткен салық төлеушілерге хабарлама жолдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҚҚС бойынша сәйкессіздіктер электрондық шот-фактуралардағы мәліметтерді 300.00 нысанындағы салық декларациясымен автоматты түрде салыстыру барысында анықталады.

Егер ҚҚС-ты қайтаруға өтініш берген компанияның тауар немесе қызмет жеткізушісі салық сомасын төмен көрсеткені белгілі болса, оған камералдық бақылау хабарламасы жіберілуі мүмкін.

Салық төлеуші хабарламаны алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Анықталған айырмашылықпен келіскен жағдайда қосымша салық есептілігін тапсыру қажет. Ал келіспесе, заңбұзушылықтың жоқ екенін негіздейтін жазбаша түсініктеме ұсынуы тиіс.

Комитет кәсіпкерлерге электрондық шот-фактуралардағы деректердің 300.00 нысанындағы есептілікпен сәйкестігін алдын ала тексеріп, камералдық бақылау хабарламаларына уақытылы жауап беруге кеңес берді.

Егер анықталған бұзушылықтар жойылмаса, мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру жүргізуге құқылы.