Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Атыраудағы мектептердің бірінде дәретханаға камера қойылған: кінәлілер жауапқа тартылды

Атыраудағы мектептердің бірінде дәретханаға камера қойылған: кінәлілер жауапқа тартылды
magnific

Атырау облысының прокуратурасы 4 мыңнан аса баланың құқығын қорғады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мысалы, Махамбет ауданындағы З.Ещанов атындағы балалар өнер мектебі 400-ден аса баланың жеке дерегін шетелдік цифрлық платформада (кітапханада) жариялаған.

Жылыой ауданындағы №6 мектепте 2 000-нан аса оқушының жеке дерегі ата-аналарының келісімінсіз оқу орнына қатысуды есепке алатын бағдарламаға енгізілген.

"Атырау қаласындағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камераларын орнату арқылы 1 400-ден аса баланың құқығы бұзылған. Бұл жағдайдан балаға психологиялық зиян келуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада. 

Бұл жағдайлар бойынша кінәлілер жауапқа тартылды.