Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспановты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін, жағдайға қатысты түсініктеме Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен берілді.
"Қостанай облысы бойынша КНБ департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е. Доспановтың ұсталғанын хабарлады. Ол қызметтік өкілетін асыра пайдалану фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күдікті ретінде танылды", - делінген ресми мәлімдемеде.
Ведомство дерегінше, сот Доспановқа қатысты бұлтартпау шарасын, яғни қамауға алу түрінде санкциялаған.
Қылмыстық істің өзге мән-жайы жария етілмейді. Себебі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу материалдары жария етуге жатпайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев та сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікпен ұсталған.
