Қостанайдың машина жасау кәсіпорындары өңір тұрғындарына көмек ұйымдастырды

Dalanews 06 сәу. 2024 19:30 2729

Allur және Аgromash кәсіпорындарының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан еріктілер тобы ұйымдастырылды, автобустар мен мамандандырылған техника, қоршаулар салуға арналған материалдар, ауыз су және басқа да қажетті ресурстар ұсынылды.

"Осындай сәттерде туған өңірге көмек қолдау, көрсету және шоғырландыру маңызды. Біздің әрқайсымыздың қатысуымыз қоғам үшін үлкен маңызға ие, бұл адамдарға қиын сәттерде үмітті қайтаруға көмектеседі", - дейді еріктілер.

Allur және Аgromash зауыттарының ұжымдары жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша бөгет салу, жағалау аймағы тұрғындарының мүлкін сақтау және жануарларды құтқару жұмыстарына тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қостанайлық өнеркәсіп кәсіпорындары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 200 миллион теңге аударған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар