Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге қол көтерді, деп хабарлады Dalanews.kz.
“Күрделі операцияны аяқтағаннан кейін хирург қабылдау бөліміне түсіп, кезек тәртібімен науқастарды қабылдауды жалғастырған. Кезекте үшінші тұрған науқас агрессивті мінез көрсетіп, дәрігерге соққы жасаған. Салдарынан ол есінен танып қалды”, – делінген медициналық мекеменің баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.
Дәрігер ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
“Адам өмірін күн сайын құтқаратын жандарға жасалған мұндай қылмысты қатаң айыптаймыз. Біз әділ тергеу жүргізуді талап етеміз және медициналық қызметкерлерге құрметпен қарауға шақырамыз!” – деді аурухана өкілдері.