Қостанай қаласын дамытудың жоспары нақтыланды

Dalanews 01 жел. 2017 10:26 837

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен Қостанай қаласын дамыту мәселесі жөніндегі кеңейтілген мәжіліс өтті. 

Осы жұмыс мәжілістің барысында қаланы инфрақұрылымдық даму саласында жоспарланған жобаларын іске асыру кезеңі талқыланды.

Көлік дамуы, қала ортасын абаттандыру, тұрғын үй құрылысы, білім және мәдениет объектілерін жөндеу саласында міндеттерді іске асыру статусы қаралды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов өз баяндамасында атап өткендей, ағымдағы жылдың есептілік кезеңінде Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Қостанай қаласында 2018 жылы тәулігіне 25 тонна қуаттылығымен нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша зауыт құрылысының басталуы жоспарланды.   Жобаның бағасы  900 млн. теңге, 120 жаңа жұмыс орны құрылады.

Тұрғын үй құрылысы саласында барлығы 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қостанай қаласында мемлекеттік және жеке құрылыспен әзірленген 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға енгізу көзделді.

[caption id="attachment_32382" align="alignleft" width="489"] ????????????????????????????????????[/caption]

Сондай-ақ қазіргі уақытта Қостанай қаласының аумағын әлеуметтік-экономикалық және кешенді дамыту үшін бас жоспарды түзетуді қажет етеді, себебі қаланың бас жоспары бұған дейін орындалып қойған. Мәжіліс барысында қаланы дамыту концепциясы бекітілді.

Аталған концепцияға сәйкес, қазіргі уақытта 2 жоба әзірленеді.

«ҚОСТАНАЙ АУЛАЛАРЫ» бағдарламасы.   Бағдарламаны іске асыру үшін 2018 жылы 27 аула аумақтарын абаттандыру жоспарланды.

2016-2017 жылдары жалпы сомасы 475,0 млн. теңгеге 70 көп қабатты үйлердің қас беттерін сырлау бойынша жұмыстар орындалды, 2018 жылдың жоспары бойынша аталған жұмыстар одан ары жалғасады.

Ағымдағы жылы «Ақылды қала» жобасын іске асыру мақсатында бірыңғай диспетчерлік пунктімен дала жарықтарына автоматтық жүйе енгізу бойынша концепцияны әзірлеу басталды. 2018 жылы көшелерді қайта жаңарту аясынды Гагарин, Тәуелсіздік, Лермонтов, Набережная, Алтынсарин, Карбышев, В. Интернационалистов, Энергетиков, Павлов көшелерін, Абай даңғылы бойынша аталған жүйені енгізу жоспарланды.

2018 жылы Орталық стадионды қайта жаңартудың үшінші кезеңін аяқтау көзделіп отыр.  Сонымен қатар 2018 жылы Футбол академиясын қайта жаңарту қолға алынбақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар