Қостанай облысында қайтарылған активтерге 279 шақырым су құбыры салынады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокуратура органдары заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бүгінгі таңда Үкімет арнаулы мемлекеттік қордан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы 333 әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыруға қаражат бөлді.
Қостанай облысында прокуратура қайтарған активтер есебінен 2025 жылдың соңына дейін Арқалық, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қостанай және Федоров аудандарының 9 елді мекенінде сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
279 шақырым су құбыры пайдалануға беріледі, бұл 55 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, Жітіқара ауданында емхана ғимараты қайта жаңартылады, бұл халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.