Қостанай әкімдігінде 6 млн теңгені қолды еткен жаттықтырушы ұсталды

Қаракөз Амантай 01 қар. 2024 10:53 2219

Қостанайда дене шынықтыру және спорт басқармасының “Жоғары спорт шеберлігі мектебінің” шорт-трек жаттықтырушысы екі жыл бойы жарысқа баратын балалардың тізімін ұлғайтып көрсетіп, оған бөлінген қаражатты жымқырып келген, деп хабаралайды Dalanews.kz.

Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңгеге жеткен. Кейін ұрланған ақшаны депозитке аударып, тағы да еселеп көбейтіп алған.

“Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңге”, - делінген прокуратура хабарламасында.

Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар