Қосшыда сабақ кезінде 10 жастағы оқушы қыз көз жұмды

Қаракөз Амантай 30 қаң. 2026 11:59

Қосшыда хореография сабағы барысында 10 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге алғашқы қоңырау 29 қаңтар күні сағат 16:18-де түскен. Шақыртуға баланың басының ауыруы мен жүрек айнуы себеп болған. Дәрігерлердің айтуынша, бастапқыда өміріне тікелей қауіп төндіретін айқын белгілер болмағандықтан, төртінші санаттағы деңгей берілген.

Алайда көп ұзамай баланың жағдайы күрт нашарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шараларды бастағанымен, оқушыны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ведомствоның хабарлауынша, анасының айтуына қарағанда, бала демікпемен ауырған. Алғашқы тексеру нәтижелері бойынша, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін биологиялық өлім тіркелген.

Ақмола облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша өлім фактісін тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді. Кейінгі процессуалдық шешім сараптама қорытындылары шыққаннан кейін қабылданады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove