Қордайдағы төбелес. 47 адам ұсталды

Dalanews 08 ақп. 2020 07:15 666

Нұр-Сұлтан қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде  Қордайдағы жаппай төбелеске қатысты брифинг өтті – деп хабарлайдыDalanews.kz.

Брифингте қатысқан ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаппай төбелеске қатысты қолда бар ақпаратымен бөлісті.

– Қазіргі уақытта 47 адам ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы «Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру», сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша жүріп жатыр», – деді министр.

Оның айтуаынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жедел-тергеу тобы құрылды.

«Оқиға орнына менің орынбасарым мен бас прокурордың орынбасары аттанды. Құқық қорғау органдары жедел төтенше жағдайды ауыздықтады», – дед министр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар