«Қор-қорды заңдастыруға түбегейлі қарсымын» – Жаңбыршин

«Қор-қорды заңдастыруға түбегейлі қарсымын» – Жаңбыршин
Liter.Kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қор-қорды заңдастыруға қарсы екенін мәлімдеп, оның жастар арасында кең таралғанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Депутаттың пікірінше, қор-қор мәселесі ойын-сауық немесе бизнес емес, ұлт денсаулығына қатысты мәселе болуы керек.

Ол әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында қор-қор шегу көбейіп кеткенін айтып, мұндай жағдайда оны заңдастыру дұрыс емес екенін жеткізді.

«Мен жалпы қор-қорды заңдастыруға қарсымын. Бұл дұрыс емес, себебі оны жас балдар тартады. Жас қыздар тартады, жасында. Яғни біз болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғап отырғанымыз. Сондықтан мен өзім түбегейлі оны заңдастыруға қарсымын», - деді Еділ Жаңбыршин.

Айта кетейік, Қазақстанда қор-қорды заңдастыру мәселесі қоғамда бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.