Қонаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы анафелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы өңдеудің 1-кезеңін бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, өңдеу үшін Қазақстанда рұқсат етілген дәрілік заттар қолданылуда. Аталған шара энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Бұл бағыттағы шаралар алдын ала белгіленген жоспарға сәйкес өтеді.