Қонаевта 800-ден астам бизнес нысандары эконауқанға қатысты

Жарбол Кентұлы 12 сәу. 2024 13:24 3186

Алматы облысының орталығында «Таза өлке» эконауқаны кең ауқымда өтіп жатыр. Бүгін Қонаевтағы 800-ден астам бизнес нысандары өз аумақтарын тазалап, шаһар келбетінің жарқын болуына үлестерін қосты.

Олардың қатарында «Bagashar meken» ЖШС, «Acrylate» ЖШС, Құрама жем зауыты, «Қапшағай жылу» мекемесі, «Қапшағай өңірлік газ желілері» ЖШС, «Агрофит» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар мен дәмханалар, мейрамханалар, дүңгіршектер мен дүкендер бар.

Компанияның қызметкерлері тек өз аумақтарын тазартып қана қоймай, іргелес көшелерді де тазартты. Жалпы, бүгін сенбілікке 2000-ға жуық адам қатысып, 116 қап қоқыс шығарды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер қала тұрғындарын үнемі тазалық сақтап, табиғатты күтіп ұстауға шақырды.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар