Freedom Inside '26

Қолында сәбиі, арқасында сөмкесі бар: желі қолданушылары іздеп жатқан әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Қолында сәбиі, арқасында сөмкесі бар: желі қолданушылары іздеп жатқан әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Threads @erzhan_kalymbai

Қолына сәбиін көтеріп, жеткізу қызметінде жұмыс істеп жүрген әйелдің суреті Threads желісінде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желі қолданушысы Алмат Несіпқалиевтің айтуынша, 8 маусымда Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында қолында нәрестесі бар әйелді байқап қалған.

Оның сөзінше, әйелдің арқасында жеткізу қызметінің сөмкесі болған. Алғашында қолындағы бала шынымен сәби екеніне күмәнданған ол кейін жақындап барып сөйлескен. Әйел шамамен 3-4 айлық баласымен жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтқан.

"Күйеуімнің табысы жетпейді, сондықтан жұмысқа шықтым" деген әйелге ер адам қолдау көрсетіп, бір күндік табысын беріп, үйіне қайтуын өтінгенін айтты.

Ол әлеуметтік желі қолданушыларын әйелге көмектесуге шақырған. Десе де желі қолданушылары қазір алаяқтық көбейгенін айтып, әйелдің өзінің байланыс нөмірін, жеке парақшасын беруді сұраған.