Бүгінде ғылымды дамытып, оған оған көңіл бөлген елдер дамыған елдердің көшін бастауда. Кез келген елдің дамуының өзегінде ғылыми-техникалық «бум» жатқанын байқау қиын емес. Бұл ретте қазіргі дамыған Батыс елдерінің жүріп өткен жолына назар аударсақ, көп жайтқа көз жеткізген болар едік.
Кеңес заманында Қаныш Сәтбаев бастаған қазақ ғалымдары қазақ ғылымның өрісін кеңейтіп, Одақ көлемінде Қазақстандағы ғылымның дамуына жоғары деңгейге шығарды. Ал кейінгі тоқырау жылдары ғылым саласы жүдеп, жадап пұшайман күйге түскенін бәріміз білеміз. Тек соңғы оншақты жылдың көлемінде ғылымға мемлекет тарапынан біршама көңіл бөлініп, саланы қаржыландыру ісінде ілгерілеу орын алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту мәселесін жыл сайынғы Қазақстан халқына арналатын Жолдауларында қадап тұрып айтып, нақты тапсырмалар беріп келеді. Президент өзінің соңғы Жолдауында еліміздегі қолданбалы ғылымды жоғары оқу орындардың қабырғасында жан-жақты дамыту турасында нақты тапсырма берген болатын. Осы ретте Dalanews.kz тілшілері Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР Жоғары оқу орындары және ғылым министрлігі қандай іс-шараларды жүзеге асырып, қандай жұмыстарды жүзеге асырып жатқанынан аз-кем талдау жасауды жөн санап отыр.
Қазіргі таңда еліміздің ғылым мен технологияны дамыту саласында 25 мың адам бел жазбай еңбек етуде. Демек, Қазақстанның ғылымды дамытып, оның нәтижелерін нақты экономикаға енгізіп, пайда табуына мүмкіндік беретін ғылыми кадрлық әлеуеті бар. Президент осы ғылыми әлеуетті пайдаланып, ел экономикасын өркендетуді көздеп отыр.
Еліміз нарықтық кезеңге ауысқан жылдары елімізде ғылыми жұмыстар білте шамның жарығы секілді өлеусіреп жанып тұрды. Осы қиын кезеңде қазақ ғылымның отын өшірмеуге тырысқан азаматтарға алғыс айтуымыз керек. Өйткені, жұрттың бәрі ала қанарды арқалап, базар жағалап кеткенде жанкешті жандардың арқасында қазақ ғылымы өзінің дәстүрлі сабақтастығын жоғалтқан жоқ.
Кейіннен мемлекетіміз экономикалық даму жолына түсіп, біршама қоң жинаған соң, «Болашақ» бағдарламасы пайда болып, жастарымыз шетелде білім алып, ғылым қайтадан тартымды салаға айналды.
Ендігі кезекте ғалымдарымыз ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, оның нәтижесін тартпаға салып қоймай, алдағы уақытта ғылыми-зерттеулердің нәтжилерін ел экономикасын өркендетуге бағыттауымыз керек. Бір сөзбен айтсақ, ғылым мен өндірісті ұштастыратан кез келеді.
Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қолданбалы бағытта дамыту мәселесін бекер көтеріп отырған жоқ.
Елімізде 2023-2029 жылдарға арналған ҚР Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, өткен жылы қабылданған құжат аясында ерекше назар келесі бағыттарға аударылды. Бұл құжат жоғары оқу орнындараның қабырғасында ғылымды дамытуды көздеп отыр. Осы ретте Президенттің Жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылғанын айта кетуіміз керек. Осы ретте елімізді ғылымды дамытудың жаңа тұғырнамасының арқасында серпінді жұмыстар жүріп жатқанын ҚР Жоғары оқу орындары және ғылым вице-министрі Дархан Ахмет-Зәки ойын ортаға салған болатын.
– 2023-2029 жылдарға арналған ҚР Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, елімізде қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Бұл құжаттың арқасында ғылымды қаржыландыру ісі 3,5 есеге өсті. Сонымен қатар әлемнің алдыңғы қатарлы орталықтарында 800-ден астам адам ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Қазір ғылымды дамытуүшін инфрақұрылымды дамытып, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 14%-ды құрайды.
Бұдан басқа еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылым жетістіктерінің нәтижелерін енгізуге, ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды, – дейді вице-министр.
Ғылымды дамытуда дүниежүзіндегі озық елдердің іс-тәжірибелерін жатсынбай алып, кедеге жаратудың маңызы зор. Осы ретте Қазақстан Оңтүстік Корея елінің Ұлттық инновациялық даму бағытын таңдап алды. Біз білетін Кореяда жетекші университеттер экономиканың өрісін кеңейтетін ғылыми-инновациялық бағыттарды анықтап, оны өндіріспен бірге байланыстырып дамытады.
Осылайша еліміз ғылымды дамытуда өзінің мемлекеттік барлық позициясын айқындады. Ендігі кезекте тынымсыз еңбек етіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырманы орындамуымыз керек.