Freedom Inside '26

Атырау – Индер тасжолында Toyota Alphard көлігі аударылып кетті

Атырау – Индер тасжолында Toyota Alphard көлігі аударылып кетті
Ақ жайық

13 маусым күні сағат 10:00 шамасында Атырау – Индер автожолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Индер ауданына қарасты Бөдене ауылының маңында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолда Toyota Alphard маркалы автокөлік аударылып қалған. Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Қазіргі уақытта Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің түсініктемесі күтілуде.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Ресми мәліметтер жарияланғаннан кейін ақпарат толықтырылатын болады.